Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беру бірінші кезекке қойылып отырған кезде, Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауға, оқушылардың оқу еңбегінің қорытындысын анықтауға, дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу құру қазіргі заман талабынан туындап отырған қажеттілік, оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін көрсеткіш болып табылады.
Қазіргі таңда мектеп бітірушілерді тестілеуден өткізу заман талабына сай жүргізіліп отырғаны белгілі. Қазақстан тарихы ҰБТ-да тапсыратын пәндердің бірі болғандықтан, оқушылардың даярлығы да стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ оқушылардың қабілеттері мен физикалық білімдері әр түрлі деңгейде болатыны белгілі. Сондықтан тарихтан берілетін тест тапсырмаларының мазмұны білім алуды жалғастыруға қажетті нақты тарихи білімді меңгеруді, интеллектіні дамытуды, тарихи құндылықтардың іс-әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастыруды тексеруге арналған.
Мақсаты: білім деңгейі мемлекеттік жалпыға міндетті стандартпен қарастырылған оқу пәнінің көлемін оқушылардың игеру дәрежесін анықтау.
Басты басымдықтар: тарихи фактілер; оқиғаға талдау жасау; оқиғаның мәні мен себептерін анықтау; салыстыру; тарихи мәтіндер; кескін карта, схема; терминология.
Білім – оқушының пәнді теориялық игеруін көрсететін идеяларының жиынтығы. Білім ғылымның негізгі фактілерін және содан шығатын теориялық жинақтауды (теория, заңдылықтар, тұжырым) түсіну, санада сақтау және бере (баяндай) білуі. Икемділік пен дағды біліммен тығыз байланыста болады.
Икемділік – игерілген білімін іс жүзінде пайдалану тәсілдерін (әдістер, әрекеттер) игеруі. Дағды – шеберліктің жоғары дәрежесіне дейін жеткізілген икемділіктің құрамдас бөлігі, автоматтандырылған әрекет ретінде қарастырылады.
Дағдылары мен икемділіктері тарихи концептілерді (тұжырымдарды) игеру негізінде анықталады:өзгеріс және сабақтастық; себеп және салдар; дәлел; ұқсастық және айырмашылық; маңыз; интерпретация (түсіндіру).
Тәжірибені қалай жүргізуге болады?
Мақсаты: оқушыларға тақырыптық қайталау жұмыстары бойынша білім сынақтарында кездескен мәтінді сұрақ арқылы жұмыс жасай отырып, сол тақырыптар аясында нақты деректерді, мәліметтерді оқып, үйрету. Сұрақтан туындаған тақырыпты дәлелдеме арқылы мазмұндап айтуға баулу. Оқушыларға қайталау тақырыптары бойынша білім сынақтарында кездескен мәтінді сұрақ арқылы жұмыс жасай отырып, сол тақырыптар аясында нақты деректерді, мәліметтерді оқып, үйрету.
Оқып үйренудің нәтижесінде:
Тарихи мәліметтерді оқу арқылы оқушылар мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалайды.
Оқушыларды бағалау: табыс критерий арқылы оқушыларды бағалау парағы.
І. Тақырыпты ашу
1.1. Мәтін сұрақтың нақты шешімін табу. /1 ұпай/ (ҰБТ)
1.2. Мәтін сұрақтың шешіміне дәлелдеме жасау. /10 ұпай/ (МҚА)
ІІ. Өзіндік көзқарастар, пікірлер, салыстыру!
2.1. Бұл пікірді немесе хатты кім айтқан. /1 ұпай/ (ҰБТ)
2.2. Тұлғаны сипатта! /10 ұпай/ (МҚА)
2.3.Мәтінді тауып, оқиғаға салыстырмалы түрде пікір айт! /10 ұпай/ (ҰБТ, МҚА.)
ІІІ. Шығармашылық жұмыс
3.1. Картамен жұмыс, суреттердегі айырмашылық, т.б./ 10 ұпай
ІҮ. Электронды оқыту жүйесі
1.1. «Тарих» тақырыптың тест тапсырмасы / әр сұрақ 1 ұпайдан/ Табыс критериі арқылы оқушыны үнемі бағалау.
Сабақтың формасы: жаңа форматта ұлттық бірыңғай тестілеу және мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға дайындық сабақ.
Ұйымдастыру барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті: амандасу; бағалау парағын таныстыру; сабатың төрт бөлімнен тұратындығын хабарлау.
Оқушының іс-әрекеті: берілген тапсырмаларды мұқият орындау. Белсенділік танытып, түрлі тапсырмалар мен тақырыптық талдауларға үлесін қосып отыру.
Құрылым мен мазмұны:
І. Тақырыпты ашу:
ІІ. Өзіндік көзқарастар, пікірлер, салыстыру:
ІІІ. Шығармашылық жұмыс
Жұмыс жасаудың бірінші қадамы: тақырыпты ашу
Тақырыпты мазмұндау, талдау, нақты мәліметті айту, жазу.
Мақсаты: мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындауда тақырыптың мазмұнын баяндай білуге, нақты деректердің дәлелдемесімен айтуға үйрету. Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін сұрақтарды жаттауға дағдыландыру.
Мақсаты: Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін мәтінді сұрақтардың шешімін тауып, сол сұрақтың жауабы арқылы қай оқулықта кездескендігі туралы сілтеме жасау, тақырыпты оқу және нақты мәліметті сипаттап дәптерге жазу, мазмұндап айтуға дағдылану.
1. Мәтінде берілген патша жарлығы желеу болған тарихи оқиға. «…Соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынастар салу жөніндегі жұмыстарға сондай-ақ, мемлекеттік қорғаныс үшін қажет өзге де барлық жұмыстарға осы соғыс барысында империяның төменде аталған 19 жастан 43 жасқа дейінгі бұратана еркек халқы тартылсын…».
Жауабы:1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. /9-сынып. 11 бет. 2013 ж./
9-сынып бойынша: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы бойынша мазмұндап, өз ойынды білдір! /11 бет/
11-сынып бойынша: Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарының ерекшеліктері мен кезеңдеріне көзқарастарынды білдіріңіздер! /25 бет/
Себебі: 1916 жылы 25 маусым күні «Бұратана» халықтардың 19-43 жас арасындағы Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мың адамы қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы.
Жарғыдан кейінгі жағдайы:Далада «біреуі жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды». Интеллегенция.
Либерал-демократиялық (Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, т.б.) көтеріліске шығуға қарсы болды; отарлық империяға парасатты ымыраластық тактикасын ұсынып, халықтың этникалық тұтастығын ойлады.
Революцияшыл-демократиялық (Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкотов, С.Меңдешов, С.Сейфуллин, Б.Алманов. Ә.Жангелдин, т.б.) көтерілісті жақтап, өздері де қатысты.
Көтеріліс болған жерлер: бүкіл Қазақстан: негізгі екі орталық Жетісу мен Торғай.
Көтерілістің сипаты: империализмге, отаршылдық езгіге қарсы.
Қозғаушы күштері: шаруалар мен қолөнершілер және қазақ жұмысшылары, жетекші күш – демократиялық интеллегенция өкілдері мен байлар, болыс.
Басшылары: Жетісуда: Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, А.Қосақов.
Торғайда: А.Иманов, Ә.Жангелдин. Ә.Жанбосынов, К.Көкімбайұлы.
Көтерілісшілердің алғашқы күрес түрі: отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіріп, әкім (елбегі), сот алқасы (жасақшы), қазына билеуші (қазынашы), әскери басшысы (сардарбек) сайланды. Қара жұмысқа алынғандардың тізімін жойып жіберді, салық тілхаттарын құртып, болыс ауылдарын тонады.
Жеңілу себептері:
Тарихи маңызы:
Көтеріліске байланысты әдеби шығармалар: Ж.Аймауытов «Қарақожа», С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу», Б.Майлин «Қанды кек», С.Мұқанов «Ботагөз», М.Әуезов «Қилы заман», И.Дәукебаев «Бекболат» және т.б.
11-сынып бойынша: Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарының ерекшеліктері мен кезеңдеріне көзқарастарыңызды білдіріңіздер! /25 бет/
№2 мәтінмен жұмыс: Мәтіндегі қатені табыңыз.
«Билікті өз қолдарына алған қарлұқтар Енесей қырғыздарынан төнген қауіпті жоюды ойластырды. Олардың Тараз, Ташкент қалаларын жаулап алған кездерін жақсы білетін еді. Атлах түбіндегі шайқасқа өздеріде қатысқан болатын. Сондықтан олардың қаупін болдырмау үшін 766-775 жылдары Қашқарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді». Жауабы: Қытайдан. /7 сынып, 16 бет. 2012 ж./
Бұл мәтін қандай тақырыпта кездеседі?
7-сынып бойынша: Қарлұқ қағанатының саяси жағдайына өзіндік көзқарасынды білдір!
№3 мәтінмен жұмыс: Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың 5 жылдығымен тұспа-тұс келді. Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, академик С.Зиманов, Желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келгендер сөз сөйледі. «1986 ж. Желтоқсанда екі күш-жас, қатайып үлгермеген демократиямен тоталитарлық жүйе қақтығысты», – деді митингіде сөз сөйлеген М.Шаханов. Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе қүйреді». Жауабы: Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы /9-сынып/
9-сынып бойынша: Республика егемендігін жариялау кезіндегі тарихи оқиғаға ойыңды білдір! /283 бет/
№4 мәтінмен жұмыс: Ресей мен Қытай арасында жасалынған бейбіт келісімшартынан келтірілген үзінді қай тарихи оқиғаға қатысты екенін анықтаңыз. «Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп, оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі. Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып, шешім қабылдауы тиіс.»
Жауабы: Дүнгендер мен ұйғырлардың Жетісуға қоныс аударуы / 8-сынып. 209 бет. З.Қабылдинов, 2016/ Сұрақ. 1881 жылғы 24 ақпандағы Санкт-Петербург бейбіт келісім шартынан құжат бойынша алынған.
8-сынып бойынша: Дүнгендер мен ұйғырлардың Жетісуға қоныс аударуының басты жағдайлары жайында не білесің? / Ж.Қасымбаев. 168 бет, З.Қабылдинов. 205 бет/
Мысалы: Жұмыс жасаудың екінші қадамы: өзіндік көзқарастар, пікірлер, салыстыру.
Мақсаты: тарихи оқиғалардағы ғылым мен мәдениет өкілдерінің көзқарастарын оқу, пікірлерін салыстыра отырып, сыни тұрғыда ойлау дағдысын қалыптастыруға жұмыс жасау.
Мұғалімнің іс-әрекеті:оқушының жауабын негізге ала отырып, нақты мәліметпен дәлеледеме жасату.
Оқушының іс-әрекеті:нақты жауап, нақты тарихи деректер арқылы ой-пікір.
2.1. Бұл кімнің пікірі?
Оқушылар мәтінді сұрақ арқылы тұлғаны тауып,тұлғаға қысқаша сипаттама береді.
1-тапсырма:«Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ».
Жауабы: «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейхановтың «Тағы соғыс» мақаласы жарияланды.
2-тапсырма: «… Мерзімнің аяқталуына 23 жылдан астам уақыт қалды. Қандай ауыр қасірет тартсам да, қаншама ауыр жазалансам да, өз Отанымның адал азамат ұлы болып қала берем». Бұл хатты жазған қайраткер.
Жауабы:С.Е.Бекмаханов.
Бұл хатты кімге жазған: «Ж.Шаяхметовке. Мәселе тұлғалар туарлы нақты мәлімет бер!».
Дәлелдемесі: Е.Бекмаханов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Жұмабай Шаяхметовке жазған хатында былай деп көрсетті: «Алыстағы Омбы қар басқан Сібірге өз мерзімді өтеудемін. Мерзімнің аяқталуына 23 жылдан астам уақыт қалды. Қандай ауыр қасірет тартсам да қаншама ауыр жазалансамда, өз Отанымның адал азамат ұлы болып қала беремін. Уақыт – адамның моральдық және рухани қызметтерінің сынаушысы. Егер бір кездерде өз мамандығыма оралатын мүміндік болса, адал адамдардың бұған көздері жетеді».
3-тапсырма: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «аңсаған азаттық» деген мақаласында: «Қазақ халқы талайлы тағдырында ұлтқа ұстын болған хандардан, ел қорғаған батырлардан, кемел билерден кенде болмаған. Солардың қатарындағы шоқтығы биік ұлы тұлғаның бірі-биыл 300 жылдығы аталып өтетін… өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы президенттік парызын атқарып кетті.
Айбарлы… аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Байтақ өлкеміздің шекарасын заман талабына сай халықаралық нормаларымен бекітіп, әлемдік қауымдастықты мойындаттық. Сол арқылы көршілерімізден мәңгілік достастыққа, өзара тиімді сауда-экономикалық, мәдени байланыстарға негіз қаладық. Бұл күнде ешқандай елдің қазақ жеріне қатысты дауы жоқ». //Егемен Қазақстан. 2013 ж. 2 қазан.
Бұл мәтінде кім туралы айтылған және кімнің мақаласында:
Жауабы: Абылай хан туралы. Н.Ә.Назарбаев «Абылай аңсаған азаттық». Екі тұлғаға сипаттама бер!
2.2. Салыстыру тапсырмасы.
Болған оқиғаны салыстырып, қыста әрі нұсқа жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Салыстыр: «Әскери коммунизм» мен «Жаңа экономикалық саясат» барысындағы көшудің экономикалық негіздерін салыстыр! Мысалы, «Әскери коммунизм» туралы:
Жаңа экономикалық саясат туралы:
«Кескін картамен жұмыс үшін берілетін тапсырмалардың мысалдары» кесте
Репродуктивті деңгей (ақпаратты айту) | Продуктивті деңгей (талдау, салыстыру, синтез сынды ойлау операциясы арқасында өз бетінше ақпарат алу) |
|
|
Мұғалімнің кескін картасындағы жұмысты бағалайтын дәл критерийлер мен картадағы шартты ақпаратты мәтіндік ақпаратқа түрлендіру критерийлеріне назар аудару маңызды болмақ.
Сабақты бекіту барысында электронды оқыту жүйесі арқылы «Тарих» атты тақырыптық тапсырмалармен жұмыс.
Әр оқушы интернет желісі арқылы алған білімдерін өзі-өзі тексеру барысында тақырыптық бір жауаптан тұратын тест тапсырмаларына жеке-жеке АКТ арқылы жауап береді. /2,5 минут/.
Оқушыларды уақытпен санасуға, жылдамдыққа, нақтылыққа баулу.
Нәтижесінде:
Табысты оқыту – оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы.
Пайдаланылған әдебиеттер: