ТАРИХ - ТАҒЫЛЫМ

Please to create posts and topics.

Дүние жүзі тарихынан орташа деңгейдегі сұрақтар

1. Б .з.д. 337 жылы Филипп II басшылығымен эллиндік одақ құрылды. Одақтың басты міндеті?
A) Балқан түбегін жаулап алу
B) Парсы патшалығын жаулап алу
C) Үндістанды Жаулап Алу
D) Сирияны Жаулап Алу
E) Орта Азияны Жаулап Алу

2. Б.з.д. 264-241 жылдары Рим бірінші Пуникалық соғыс, содан кейін 218-201 жылдары екінші Пуникалық соғыс жүргізді, нәтижесінде ол Батыс Жерорта теңізінің толық қожайыны болды. Осы жылдары Рим қай мемлекетпен соғыс жүргізді?
A) Македония
B) Сирия
C) Карфаген
D) Мысыр
E) Греция

3. Осы сөздің авторы кім: «Аттила есімі адамзат тарихында Александр және Цезарь секілді ұлы тұлғалармен қатар аталады»
A) Иордан тарихшы
B) А.Тьери тарихшы
C) Старген тарихшы
D) Ф.Фюре тарихшы
E) Д.Верди

4. Үшінші халифа Осман қайтыс болғаннан кейін халифа орнына үміткерлер арасында күрес басталды: Али мен Муавия арасында. 660 жылы Муавия қиын күресте жеңіске жетті. Муавия қай әулеттің негізін қалаушы болды?
А) Аббасидтер
B) Аштарханидтер
C) Умаядтар
D) Ахеменидтер
E) Осман

5. Ежелгі Египетте алғашқы өтпелі кезең уақытын қамтитын кезең:
А) ІІ-VІ ғғ.
В) III-VI ғғ.
С) V-IIІ ғғ.
D) X-V ғғ.
Е)VII-Х ғғ.

6. Ежелгі Египетте орта патшалық уақытын қамтитын кезең:
А) ІХ-V ғғ.
В) III-VI ғғ.
С) ХІ-ХII ғғ.
D) X-ХV ғғ.
Е) VII-VI ғғ.

7. Аграрлық өркениеттің ерекшеліктеріне жатпайды
A) табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділік
B) техникалық прогресстің шектеулігі
C) өз қажеттілігі үшін ғана өнім өндірудің басым болуы
D) әлеуметтік негізі – қоғам мен отбасы
E) қалдықсыз және экологиялық технологиялар қолдану

8. Бұл экономикалық негізі жаппай машиналық өндіріс болып табылған қоғам:
A) индустриалды өркениет
B) постиндустриалды өркениет
C) аграрлы өркениет
D) дәстүрлі өркениет
E) отырықшы өркениет

9. Ежелгі Қытай өркениетінің ерекшеліктерінің бірі:
A) ең алғаш рет қағаз иероглифтік жазба қалыптасты
B) ең алғаш рет заңдар жинағын шығарды
C) ең алғаш рет Африка құрлығын кемемен айналып өтті
D) ең алғаш рет діни реформа ұйымдастырды
E) ең алғаш рет ақшаны айналымға енгізді

10. Ежелгі Үнді өркениетінің мәдени-тарихи жетістіктерінің бірі:
A) Жібек өндірісін бастады
B) Шахмат ойынын ойлап тапты
C) Дөңгелекті ойлап тапты
D) Шай өндірісін бастады
E) Тігін станогын ойлап тапты

11. Ежелгі Грек өркениетінің ең басты ерекшелігі:
A) демократияның пайда болуы
B) деспотияның пайда болуы
C) шенеунік аппараттың бюрократиясы
D) құлдық қоғамның дамымауы
E) ең алғаш заң жинағының қабылдануы

12. Тарихта эллинизм кезеңінің ерекшеліктерінің бірі:
A) деспот пен полистік жүйелердің бірігуі
B) әскери демократияға негізделген биліктің енгізілуі
C) билікте меритократия қағидаларының үстемдік етуі
D) қатаң заңға бағынған қоғамның құрылуы
E) шенеунік аппаратқа сүйенген мемлекеттік құрылымның жойылуы

13. «1. Азап бар. 2. Азаптың себебтері бар. 3. Азапты тоқтату мүмкін. 4. Азапты тоқтатудың жолдары бар». 4 ақиқатты уағыздайтын ілімді анықтаңыз:
А)Буддизм
B) Манихейлік
C) Зороастризм
D) Ламаизм
E) Синтоизм

14. «1. Азап бар. 2. Азаптың себебтері бар. 3. Азапты тоқтату мүмкін. 4. Азапты тоқтатудың жолдары бар». Мәтіндегі 4 ақиқатты уағыздайтын ілімнің пайда болған елін анықтаңыз:
А)Үндістан
В) Иран
С) Мысыр
D) Қытай
E) Жапония

15. Майя, ацтек және инк өркениеттерінің ортақ ұқсастығы болып табылмайды:
A) Сәулет өнерін дамытты
B) Мүсін өнерін білді
C) Жазба ескерткіштерін қалдырған
D) Қала мәдениеті болды
E) Аспан туралы ілімді қолданды

16. Мемлекеттік формалардың циклдік даму тұжырымдамасын кім алға тартты?
A) Аристотель
B) Томас Аквиналар
C) Макиавелли
D) Платон
E) Томас Хоббс

17. Мемлекет пайда болуында теологиялық теориядан патриархалдыға ауысуы теориясы кімге тиесілі?
A) Платон
B) Сократ
C) Конфуций
D) Полибий
E) Аристотель

18. Федерализм қағидаты бұрынғы тәуелсіз, бірақ одақтық мемлекет-федерацияға бірігуге шешім қабылдаған бірнеше қауымдастықтарды (мемлекеттерді) қамтитын саяси ұйымның нысанын білдіреді. Келесі Федерация мемлекеттерінен қатені табыңыз
A) Германия
B) АҚШ
C) Үндістан
D) Франция
E) Ресей

19. «Барлығы мемлекет үшін, мемлекеттен басқа ештеңе жоқ, мемлекетке қарсы ештеңе жоқ!» деген мәлімдеме кімге тиесілі?
A) Муссолини
B) Гитлер
C) Сталин
D) Мао Цзэдун
E) Франко

20. Парсы, Спарта, Қытай, Испания, Чили мемлекеттерді біріктіретін саяси режим.
A) Демократиялық режим
B) Теократиялық режим
C) Авторитарлы режим
D) Тоталитарлық режим
E) Унитарлы режим

21. Төтенше жағдайларда қалыптасатын режим.
A) Демократиялық режим
B) Теократиялық режим
C) Авторитарлы режим
D) Тоталитарлық режим
E) Унитарлы режим

22. I Дарий кезінде парсы мемлекетте барлық іс қағаздар қай тілде жазылған?
A) Мидия тілінде
B) Иран тілінде
C) Парсы тілінде
D) Харап тілінде
E) Арамей тілінде

23. 3 Самниттік соғыстың нәтижесі қандай болды?
A) Рим Солтүстік Италияның қожайыны болды
B) Рим Грецияны жаулап алды
C) Рим оңтүстік Италияның қожайыны болды
D) Рим Жерорта теңізінің бүкіл жағалауын жаулап алды
E) Рим альпілік Галлияны бағындырды

24. Рим империясы тарихында Патшалық кезең қай уақытты қамтиды?
A) б.з.б.509-499 жж.
B) б.з.б.343-338 жж.
C) б.з.б.761-499 жж.
D) б.з.б. 264-201 жж.
E) б.з.б. 753-509 жж.

25. Ғұн державасының дамуы қай тарихи тұлғаның есімімен байланысты?
A) Аларих
B) Ульдин
C) Мунздук
D) Ругила
E) Ильдико