ТАРИХ - ТАҒЫЛЫМ

Please to create posts and topics.

Дүние жүзі тарихынан қиын деңгейдегі сұрақтар

1. XIX ғасырдағы Германияның саяси өміріне қатысты маңызды жылдарды оқиғалармен сәйкестендіріңіз:
Мерзімдер
1. 1815 жыл
2. 1834 жыл
3. 1849 жыл
4. 1866 жыл
5. 1871 жыл
Оқиғалар
А) Вена конгресі актісімен Герман одағы құрылды
В) Пруссия бастамасымен Неміс кедендік одағы құрылды
С) ІV Вильгльм тәжден бас тартып, Конституцияны жоққа шығарды
D) Пруссия басшылығымен Солтүстікгермандық одақ құрылды
Е) Версальда Герман империясының құрылуы жарияланды

А) 1-а, 2-в, 3-с, 4-д, 5-е
В) 1- в, 2-а, 3-е, 4-д, 5-с
С) 1-с, 2-а, 3-в, 4-д, 5-е
D) 1-д, 2-в, 3-а, 4-с, 5-е
Е) 1-с, 2-е, 3-с, 4-в, 5-а

2. Қытай
«Таяудағы бiтiм конференциясында Жапония Циндаоны бөлiп алу және Шаньдунге бақылау жасау құқығын талап еттi және дегенiне қол жеткiздi. Оның жеңiсi бiздiң жеңiлiсiмiздi бiлдiредi. Жапонияға Шаньдунде билiк ету құқығын беру Қытайдың тәуелсiздiгiн бұзып, елдi апатқа әкеп тiрейдi. Сондықтан да бiз, студенттер, ұйымдасқан түрде шетел елшiлiктерiне барып, барлық елдерден қолдау, әдiлеттiлiк талап етемiз. Бiз, жұмысшылар, саудагерлер, халықтың және басқа да топтары ұлттық жиналысты шақыру үшiн, ұлттық тәуелсiздiгiмiздi қорғап қалу үшiн көтерiлiп, қолдан келген шаралардың бәрiн жасайды деп үмiттенемiз. Қытайдың келешекте өмiр сүруi не құрып бiтуi осыған байланысты. Барлық отандастарымыз елiмiздiң жерiн бөлшектеуге болмайтындығын түсiнуi керек, халықтың бас июiне жол бермеу керек. Елiмiзге қауiп төндi. Отандастар, күреске шығыңдар!»
Құжатта сипатталған конференция нәтижесінде орын алмаған оқиғаны анықтаңыз.
A) Жапония Қиыр Шығыстан АҚШ пен Ұлыбританияны ығыстыруға талпынды
B) Жапония Тынық мұхит пен Қиыр Шығыстағы үстемдігін нығайтты
C) Жапония Маньчжурия аймағын басып алуға кірісті
D) Жапония Германияның Тынық мұхитындағы бірқатар отарларын иеленіп алды
E) Жапония Шаньдун түбегіне өзінің құқығын бекітіп

3. «Таяудағы бітім конференцияда Жапония Циндаоны бөліп алу және Шаньдунге бақылау жасау құкығын тал ап eттi және дегеніне қол жеткізді. Оның жеңісі біздің жеңілісімізді білдіреді. Бұл мемлекетке Шаньдунде билік ету кұқығын беру Қытайдың тәуелсіздігін бұзып, елдік апатқа әкеп тірейді. Сондықтан да біз студенттер, ұйымдасқан түрде шетел елшіліктеріне барып, барлық елдерден қолдау, әділдік талап етеміз. Біз, жұмысшылар, саудагерлер, халықтың және басқа да топтары Ұлттык жиналысты шақыру үшін, ұлттық тәуелсіздігімізді қорғап қалу үшін көтеріліп, қолдан келген шаралардың бәрін жасайды деп үміттенеміз. Қытайдың келешекте өмір сүруі, не кұрып бітуі осыған байланысты. Барлық отандастарымыз еліміздің жерін бөлшектеуге болмайтындығын түсінуі керек. Елімізге қауіп төнді. Отандастар, күреске шығыңдар!».
Мәтінде сипатталған оқиға Қытайда қандай саяси жағдайдың тууына себеп болды?
A) азамат соғысының басталуына
B) антиимпериялистік қозғалыстардың басталуына
C) монархияның құлауына
D) антижапондық майданның құрылуына
E) ихэтуандар козғалысының басталуына

4. Экономистер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. Әр түрлі көзқарастар тоқырасты (әлеуметтік рыноктік шаруашылықтың либералдық теорияларынан шаруашылықты және социалистік теорияларына дейін). Бұл ізденістерде ең үлкен табыс ағылшын экономисі Дж. М.Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің теориясының негізін «Жұмыспен қамту, пайыз және ақша теориясы» (1936) кітабында баяндады.
Мәтінде экономиканың дамуына жасалған мемлекеттік реттеудің мақсатында жасалған теорияны анықтаңыз:
А) Ауылшаруашылық саласын дамыту теориясы
В) Микроэкономикалық теориясы
С) Макроэкономикалық теориясы
D) Өнеркәсіпті дамыту
Е) Банк саласын ірілендіру

5. 1929-1933 ж әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолындағы Германияның ұстанған саясаты.
А) Мемлекет экономиканы реттеудің негізгі тетігін қолына алып, бірқатар реформалар жүргізді
В) Дағдарыстан шығарда социал-реформашыл жолды таңдады. Мемлекеттің реттеуші рөлін кеңейту демократия негіздеріне әсер еткен жоқ
С) Әлеуметтік-экономикалық саланы мемлекеттендіру үдерістері бір мезгілде парламенттік демократияны қысқарту және тоталитарлық режимді құру арқылы жүрді
D) 40 сағаттық жұмыс аптасын енгізді
Е) Әлеуметтік сақтандыру

6. Германия мен Кеңес Одағы мен өзінің жаулап алған аймағында жаңа шекараларды бекітуге келісті. КСРО көбнесе беларустар, украйындар, еврейлерден тұратын Батыс Украйна мен Батыс Белорусияны басып алды. Фашистік әскер Польшаны талқандап жатқан кезде, Батыс майданда қандай да бір белсенді әскери қимылдардың жоқтығымен сипатталды. Фашистік Германия Батыс шабуыл жасауға әлі дайын болған жоқ, ал Англия мен Франция қорғаныс тактикасын тиімді санады. Француз әскері сым бөгеттері бар ұзақмерзімді қорғаныс жүйесі- Мажито бекіністер шебіне орналасты. Англия мен Франция Германияның басқыншылығы КСРО-ға қарсы бағытталады деп үміттенді.
Мәтінде сипатталған соғысты анықтаңыз.
А) «Батыс майдан»
В) «Шығыс майдан»
С) Болгария, Югославия, Грекияға шабуыл
D) Германия КСРО аумағына басып кіруі
Е) «Оғаш соғыс»

7. Кальвин Кулидж (1923-1929жж.) президент болған уақытта АҚШ-та қандай ірі корпорациялар ашылды?
А) "Apple", "Google", "Coca-Cola"
B) "General Electric", "Chrysler", "General Motors"
С) "Citigroup", "Wells Fargo", "Walmart"
D) "JPMorgan Chase", "ExxonMobil", "AT&T"
Е) "Nestle", " Amazon", «Jeep»

8. 1927 жылы Жапон әскерлері Қытай, Үндістан, Оңт. Шығыс Азия елдері, Үндіқытайды, Бирманы әрі қарай Ресейді және тіпті Ресей мен АҚШ-ты жаулап алу жоспары қарастырылды. Бұл қандай меморандум?
А) Каноэ
B) Сегундо
С) Танака
D) Курибу
Е) Тайфун

9. І-ші дүниежүзілік соғыс кезінде бір-біріне қарсы соғысқан екі одақтың құрамына кірген мемлекеттерді анықта.
1. Англия,Франция,Ресей – Германия,Австро-Венгрия,Италия
2. Ресей,Франция,Осман империясы – Италия,Германия,АҚШ
3. Англия,Ресей,АҚШ – Жапония,Германия,Италия
4. Австро-Венгрия,Ресей,Франция – Италия,АҚШ,Испания
5. Англия,Испания,Жапония – Ресей,Италия,АҚШ
А) 3
B) 1
С) 5
D) 2
Е) 4

10. БҰҰ ресми тілдері
А) ағылшын, қытай, неміс, орыс, араб, үнді
В) орыс, араб, неміс, ағылшын, француз, жапон
С) орыс, француз, қытай, ағылшын, араб, испан
D) ағылшын, француз, испан, қытай, неміс
Е) араб, қытай, ағылшын, жапон, итальян

11. 1951 ж. Еуропалық көмір және болат бірлестігіне кірген мемлекеттер:
А) Франция, ГФР, Бельгия, Италия, Нидерланд, Испания
В) Франция, ГФР, Бельгия, Италия, Нидерланд, Австрия
C) Франция, ГФР, Бельгия, Италия, Нидерланд, Англия
D) Франция, ГФР, Бельгия, Италия, Нидерланд, Люксембург
Е) Франция, ГФР, Бельгия, Италия, Нидерланд, Грекия

12. Соғыстан кейінгі жылдар қай белгілі экономисттің идеялары кең таралды?
А) Дж. Кейнс
В) А. Маршалл
С) А. Смит
D) Д. Хоффман
Е) Л. Штейнберг

13. 1989 жылы қандай белгілі саяси оқиға орын алды?
А) Кеңес одағының құлауы
В) Ангола тәуелсіздік алуы
С) Камбоджадағы қырғын
D) Берлин қабырғасының құлауы
Е) Америкада «Жаңа бағыт» қабылданды

14. 1992-1996 жж. БҰҰ бас хатшысы лауазымын иеленген:
А) Кофи Аннан
В) Пан Ги Мун
С) Антонио Гутейраш
D) Бутрос-Гали
Е) Райх Дюркин

15. Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі:
А) КСРО, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай
В) КСРО, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия
С) КСРО, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Жапония
D) КСРО, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия
Е) КСРО, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Канада

16. 1945 жылы БҰҰ қанша мемлекет кірді?
А) 40
В) 51
С) 62
D) 73
Е) 84

17. Ресей тарихындағы алғашқы Конституция «Русская правда» авторы.
А) П.И.Пестель
В) С.П.Трубецкой
С) Е.П.Оболенский
D) И.И.Пущин
Е) С.С.Уваров

18. Ресейдегі болашақ декабристердің алғашқы ірі жасырын қоғамы.
А) «Құтқару одағы»
В) «Солтүстік одақ»
С) «Оңтүстік одақ»
D) «Күрес одағы»
Е) «Жас Ресей»

19. Үндістандағы сипайлар көтерілісінің нәтижесінде.
А) Ост-Үнді компаниясы билеу құқынан айырылды
В) Ост-Үнді компаниясының ықпалы күшейе түсті
С) Үнділер әкімшілік басқаруды толық қолдарына алды
D) Көтеріліс ешқандай өзгерістерге әкелмеді
Е) Ағылшын отарлауы тоқтатылып, елден қуылды

20. Үнді Ұлттық Конгресінің радикалды бағытының көсемі.
А) Б.Г.Тилак
В) С.Ахмед хан
С) А.Б. Ваджпаи
D) К.Р. Нараянан
Е) Р.Ганди

21. «Қозғалыстағы денелер электродинамикасы» еңбектің авторы.
А) Д.И.Менделеев.
В) А.Энштейн.
С) Э.Резерфорд
D) Л. Пастер
Е) А. Беккерель

22. Ихэтуаньдар қырғынына жауап ретінде 1900 жылы Қытайға қарсы интервенция бастаған державаларға жатпайтыны.
А) Англия
В) Франция
С) Германия
D) Италия
Е) Үндістан

23. Биполярлы әлем деген қандай мағына береді?
А) Әлемде бір-біріне қарсы екі күштің орнауы
B) Бір державаның толық билікке ие болуы
С) Әлемде тек қана экономикалық өсу болуы
D) Соғыссыз әлем
Е) Барлық мемлекеттердің бірігіп жұмыс жасауы

24. Интеграция сөзінің мағынасы?
А) Мемлекетке басып кіру
В) Бірігу, бір болу
С) Экономиканың жедел өсуі
D) Соғысқа қарсы шығу
Е) Тәуелсіздікке ұмтылу

25. «Хрущев жылымығы» деп қай кезеңді атайды?
А) Сталин өлімінен кейінгі кезең
В) Соғыстан кейінгі кезең
С) Экономикалық керемет кезеңін
D) Жаппай зауыттар ашылу кезеңін
Е) «Ұлы депрессия» кезеңін