ТАРИХ - ТАҒЫЛЫМ

Please to create posts and topics.

Қазақстан тарихы бойынша орташа деңгейдегі сұрақтар

1.Әдістемесі «социализмге жат, зиянды» деп танылған Алматы облысындағы кеңшар директоры.
А) Н.Алдабергенов
В) Ы.Жақаев
С) Ж.Қуанышбаев
D) Ж.Демеев
Е) И.Худенко

2. Қазақ жерінің аумақтық тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірген, 1955-1961 жылдары Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесі, Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған тарихи тұлға.
А) Д.Қонав
B) Ж.Тәшенов
C) М.Тәтімов
D) Қ.Сәтпаев
E) С.Ақатаев

3. 1995 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Ресей Федерациясы және Белорусь Республикасымен қол қойған шарты.
А)Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы
B)Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру туралы
C) Кедендік Одақ құру туралы
D)Ортақ валюта - теңгені айналысқа енгізу туралы
E)Орталық Азия ынтымақтастығын құру туралы

4. 1998 жылы 6 мамырда ҚР-сы тұңғыш Президенті Н. Назарбаев қазақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсекбаевқа "..." атағын беру туралы Жарлығын шығарды.
А) «Ресей Федерациясының Батыры»
B) «Халық қаһарманы»
C) «Кеңес Одағының Батыры»
D) «Социалиятік Еңбек Ері»
E) «Жауынгер ұшқыш»

5. 1992жылы Қазақстанбұл ұйымға мүшелікке қабылданды.Ұйымның мақсаты -халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасынддағы ынтымақтастықты дамыту. Ұйым атауы.
А) БҰҰ
B)ТМД
C) ЕҚЫҰ
D) ИЫҰ
E) ЮНЕСКО

6. ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ тарихына қатысты ғылыми еңбегі үшін айыпталған ғалым.
A) М.А.Айтхожин
B) Е.Бекмаханов
C) М.Қозыбаев
D) А.Жұмаділов
E) У.Ахметсафин

7. 2018 жылы 12 тамызда болған оқиға.
A) Астана қаласының атауы Нұр-сұлтан болып өзгерді
B) Ұрпақтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы
C) Ақтау қаласында өткен VКаспий Саммиті
D) Жастар жылы
E) Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді

8. 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
А) Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер»
B)М.Төлебаев «Біржан-Сара»
С)Қ.Қожамияров «Назугум»
D)Ш.Айманов «Алдаркөсе»
Е)Б.Мансұров «Сұлтан Бейбарыс»

9. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бірінші интеллектуалдық мектебі Астана қаласында қай жылы ашылды?
А) 2007 жылы
B) 2008 жылы
С) 2009 жылы
D) 2010 жылы
Е) 2011 жылы

10. Қазақстанның 2009 жылы жарияланған мемлекеттік бағдарламасы.
А)«100нақты қадам»
B) «100 мектеп»
С)«Болашақ» бағдарламасы
D) «Плагиат-Информ»
Е)«Асыл Мұра»

11. Бабалардың мәдени тәжірбиелері мен өмір салтын қайталауға негізделген өркениет.
А)Материалдық өркениет
B)Аграрлы өркениет
С) Дәстүрлі өркениет
D)Индустриалды өркениет
Е)Постиндустриалды өркениет

12. Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі өркениеті туралы жазба деректердің негізгі топтары.
А) ежелгі қытайлық, шығысеуропалық деректер
B) антикалық, ирандық, ежелгі қытайлық, ежелгі түркілік
С) ежелгі түркілік, үнділік, антикалық, византиялық
D) ирандық, парсылық, шығысеуропалық деректер
Е) ежелгі қытайлық, соғдылық, ирандық, османдық

13. А.И. Левшиннің «Қырғыз - қазақ немесе қырғыз – қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» энциклопедиялық еңбегінің жарық көрген жылы
А) 1835 жыл
В) 1836 жыл
С) 1837 жыл
D) 1839 жыл
Е) 1832 жыл

14. Ортағасырлық қай еңбекте қазақ этнонимінің пайда болуы туралы жазылған?
A) «Құтты білік» Ж.Баласағұн
B) «Тарихи Рашиди» Мұхаммед Хайдар Дулати
C) «Диуани Лұғат ат-түрік» М.Қашғари
D) «Диуани хикмет» Ахмет Иассауи
E) «Философиялық, математикалық трактаттар» Әл-Фараби

15. Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі туралы араб тілінде жазылған еңбек және оның авторы.
A) М.Х.Дулати «Тарихи Рашиди»
B) А.Иасауи «Диуани хикмет»
C) Қадырғали Жалайырдың «Жами ат-Тауарихы»
D) Ж.Баласағұни «Құтты білік»
E) М.Қашқари «Диуани-лұғат-ат-түрік»

16. Қимақтар туралы: «Адамдар қысы – жазы киіз үйлерде тұрады, жайылым мен су іздеп көші жүреді» парсылық шығарма.
А) «Тарихи Рашиди»
В) «Худуд әл - алам»
С) «Бұқара дастаны»
D) «Түрік шежіресі»
Е) «Дала жазбалары»

17. 1740-1741 жылдары Қазақ даласы арқылы сапарға шығып, қазақ киімдеріне сипаттама қалдырған саяхатшы.
А) Рузбихан
В) П.С. Паллас
С) И. Муравин
D) И.Г. Андреев
Е) Н.П.Рычков

18. Б. з.б. ІІІ ғасырда Шығыс Түркістаннан солтүстікке қарай кететін жаңа сауда жолы.
А) «Жібек жолы»
В) «Ұйғыр жолы»
С) «Шығыс керуен жолы»
D) «Батыс- Шығыс жол торабы»
Е) «Хан жолы»

19. П.С. Паллас Қазақстанға саяхат жасаған жыл.
А) 1735 жыл
В) 1736 жыл
С) 1737 жыл
D) 1769 жыл
Е) 1732 жыл

20. «Жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, мешіт ішкі қалада орналасқан». Араб географы әл-Макдиси қай қала туралы айтқан?
А) Сайрам
В)Түркістан
С)Сығанақ
D)Отырар
Е) Сауран

21. 1804 жылы «Қырғыз қайсақ даласына шолу» атты еңбегінде қазақтардың этнографиялық сипаттамасын жасаған саяхатшы.
А) Я.П. Гавердовский
В) Н.П.Рычков
С) П.С. Паллас
D) И. Муравин
Е) А.И. Левшин

22. Жекешелендіру процесі және нарықтық экономикаға көшу басталған кезең қай жылдарды қамтиды?
А) 1991-1994 жылдар
B) 1991- 1996 жылдар
С) 2000-2015 жылдар
D) 1999- 2010 жылдар
Е) 1995-1999 жылдар

23. Патшалық Ресейдің Қазақтарға татарлардан дін қызметкерлерін жіберудегі шынайы мақсаты не болды?
А) Қазақтарға христиандықты үйрету
B) Жаңа зайырлы мектептер ашу
С) Қазақтарды Орта Азиядағы діни ықпалдан алыстату
D) Жәдидтік мектептер ашу
Е) Егіншілікпен айналысу

24. «Бірінші бөлімде автор қазақ даласы туралы барлық географиялық деректерді жинады. Ол тек баспа материалдарын ғана емес, сонымен қатар жеке бақылауларды, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың әңгімелерінен алынған мәліметтерді де пайдаланды.
Кітаптың екінші және үшінші бөліктері қазақ халқының тарихи-этнографиялық шолуына арналған.
Ол сол кездегі қазақтар туралы барлық дерек көздеріне талдау жасады. Кейінгі барлық зерттеушілер бұл жұмысты оның кітабымен танысудан бастады. Бұл қазақ жерлері туралы мәліметтер алғаш рет жүйеленген және ғылыми проблемалар қойылған күрделі зерттеу». Мәтінде қай еңбек туралы сипатталғанын анықтаңыз.
А) «Қырғыз-қайсақ даласына шолу»
B) «Сібір жазбалары»
С) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы»
D) «Орынбор қаласының сипаттамасы»
Е) «Татарлар туралы қысқаша сипаттамалар…»

25. 1921 жылы Қазақ (Қырғыз) АКСР құрамынакірмеген әкімшілік-аумақтық бірліктер:
А) Семей менАқмола уезді
B) Атбасар мен Петропавл уезді
С) Маңғыстау уезі, Красноводск уезінің 4-5 Адай болыстары
D) Жетісу мен Сырдария облыстары
Е) Астрахан губерниясының бір бөлігі, Бөкей Ордасы