ТАРИХ - ТАҒЫЛЫМ

Please to create posts and topics.

Қазақстан тарихы бойынша қиын деңгейдегі сұрақтар

1. «Осылайша біршама уақыт өткен соң хан: «Сенің пікіріңе менде толық сенім пайда болды», - деді. Содан кейін барлық əскери істер мен мемлекет істерін маған сеніп тапсырды һəм бүкіл істерде менің қолыма шексіз билік, еркіндік берді жəне ханның жарлықтары мен үкімдері (пəрмендері) менің атыма жіберіліп отыратын. Сондай-ақ менің өз атыма ханның жеке хаты да келіп тұратын. Кашмир жорығынан қайта оралғанымда Тибетте ханның құзырына бардым. Мені ол оңашада да, көпшіліктің көзінше де «бауырым» деп атайтын». Мәтінде қай тарихи шығармадан үзінді келтірілгенін анықтаңыз.
A) «Жылнамалар жинағы»
B) «Тарихи Әбілқайырхани»
C) «Тарих-и Рашиди»
D) «Хроника»
E) «Моңғолдың құпия шежіресі»
2. «Осылайша біршама уақыт өткен соң хан: «Сенің пікіріңе менде толық сенім пайда болды», - деді. Содан кейін барлық əскери істер мен мемлекет істерін маған сеніп тапсырды һəм бүкіл істерде менің қолыма шексіз билік, еркіндік берді жəне ханның жарлықтары мен үкімдері (пəрмендері) менің атыма жіберіліп отыратын. Сондай-ақ менің өз атыма ханның жеке хаты да келіп тұратын. Кашмир жорығынан қайта оралғанымда Тибетте ханның құзырына бардым. Мені ол оңашада да, көпшіліктің көзінше де «бауырым» деп атайтын». Мәтінде қай тарихи тұлға туралы сипатталғанын анықтаңыз.
A) Қ.Жалайыри
B) У.Кухистани
C) М.Дулати
D) М.Шорас
E) Рашид ад-Дин
3.  «Осылайша біршама уақыт өткен соң хан: «Сенің пікіріңе менде толық сенім пайда болды», - деді. Содан кейін барлық əскери істер мен мемлекет істерін маған сеніп тапсырды һəм бүкіл істерде менің қолыма шексіз билік, еркіндік берді жəне ханның жарлықтары мен үкімдері (пəрмендері) менің атыма жіберіліп отыратын. Сондай-ақ менің өз атыма ханның жеке хаты да келіп тұратын. Кашмир жорығынан қайта оралғанымда Тибетте ханның құзырына бардым. Мені ол оңашада да, көпшіліктің көзінше де «бауырым» деп атайтын». Мәтінде сипатталған оқиға қай ғасырда болғанын анықтаңыз.
A) XIV ғ.
B) XV ғ.
C) XVI ғ.
D) XVII ғ.
E) XVIII ғ.
4.1979 жылы болған Целиноград оқиғасының себебі
A) Қазақстан аумағындағы халықтарды «орыстандыру» саясаты
B) Әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі
C) Ж.Тәшеновтың қызметінен алынуы
D) Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру туралы шешім
E) М.Суслов Қазақ КСР басшылығына келуі
5.1955-1961 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған, қазақ жерінің аумақтық тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері
A) Жұмабай Шаяхметов
B) Мұхтар Шаханов
C) Өзбекәлі Жәнібеков
D) Дінмұхаммед Қонаев
E) Жұмабек Тәшенов
6.Тарихи оқиғаларды хронологиялық ретімен орналастыр
1.Жалпыға бірдей міндетті жеті жылдық білім беру қолға алынды
2.Д.Қонаевтың Қазақстан басшылығында болуы
3.Ұлы Отан соғысы жылдары
4.Тың игеру кезеңі
A) 3,1,2,4
B) 3,1,4,2
C) 1,2,3,4
D) 2,3,1,4
E) 4,2,3,1
7.1946 жылы Қазақ КСР-ң мәдени өмірінде орын алған маңызды оқиға
A) Қ.Сәтбаевтың Лениндік сыйлық иегері атануы
B) «Гүлдер» ансамблінің құрылуы
C) Тұңғыш қазақ театрының ашылуы
D) Қазақ КСР жазушылар одағының құрылуы
E) Қазақ КСР Ғылым академиясының ашылуы
8.Ғалымдар мен еңбектерін сәйкестендіріңіз
Гидрогеология және гидрофизика Генетика мен микробиология Топырақ қорғаудың жаңа жүйесі Археология, этнография
A Д.Сокольский М.Айтхожин А.Бараев Ә.Марғұлан
B К.Ақышев Е.Бөкетов У.Ахметсафин Ә.Марғұлан
C Е.Бөкетов А.Бараев У.Ахметсафин Д.Сокольский
D У.Ахметсафин М.Айтхожин А.Бараев Ә.Марғұлан
E У.Ахметсафин Е.Бөкетов М.Айтхожин К.Ақышев
9. «Қазақ КСР-нің тілдер туралы» Заңы қабылданған уақыт
A) 1989 жылы 22 қаңтар
B) 1992 жылы 2 наурыз
C) 1993 жылы 15 қараша
D) 1989 жылы 22 қыркүйек
E) 1993 жылы 28 қараша
10.1995 жылы 28қаңтарда Кедендік Одақ құру шартына қол қойған мемлекеттер
A) Ресей, Қазақстан, Өзбекстан
B) Ресей, Белорусь, Қазақстан
C) Ресей, Қазақстан, Армения
D) Армения, Азербайжан, Қазақстан
E) Ресей, Қазақстан, Қырғызстан
11. Тұңғыш президенттің: «Материалдық игіліктер мен ешқандай байланыспайтын даусыз ұлы құндылықтар бар, олар адам үшін әрдайым басым және негіз қалаушы болып қалады.Олардың бастылары руханият, адамгершілік.»-, деп атап көрсетті
A) 2003 жылғы Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының сьезінде
B) 1997 жылғы «Қазақстан 2030» бағдарламасында
C) 1991 жылғы Президент сайлауында
D) «Мәдени мұра» бағдарламасында
E) «Рухани жаңғыру» бағдарламасында
12.1993 жылдың 5 наурызындағы ҚР мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасының бағыттарына сәйкес келмейді
A) Шағын жекешелендіру
B) Жаппай жекешелендіру
C) Жеке жобалар бойынша жекешелендіру
D) Агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарын жекешелендіру
E) Ұлттық компанияларды жекешелендіру
13.Шегарадан өтетін тауарларды тексеретін және осы тауарлардан салық алып тұратын мекеме
A) Кеден
B) Интеграция
C) Шегаралық блок
D) Салық комитеті
E) Дүниежүзілік сауда ұйымы
14.2002 жылы БҰҰ-ның Йоханнесбург саммитінде тұңғыш президент Н.Назарбаев көтерген мәселе
A) Арал апаты
B) Байқоңыр ғарыш айлағы
C) Семей ядролық полигоны
D) Таулы Карабах шиеленісі
E) Конфессияаралық келісім
15. 2012 жылы Париж қаласында 161 мемлекеттің 103-і Қазақстанда өтуін қолдаған халықаралық іс-шара
A) «EXPO-2017»
B) OSCE саммиті
C) қысқы Азияда ойындары
D) Конфессияаралық келісім
E) Eurovision фестивалі
16.2006-2007 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері мен НАТО күштері бірлескен оқу-жаттығу ойындарының атауы
A) «Бұрқасын 86»
B) «Кең даладағы қыран»
C) «Шөлдегі дауыл»
D) «Жусан»
E) «Парасат майданы»
17. Ұлт-азаттық көтерілістерді уақыты бойынша ертеден кейінге қарай хронологиялық ретімен қойыңыз:
1) И.Датұлы, М.Өтемісұлы;
2) К.Қасымұлы;
3) С.Датұлы;
4) Е.Пугачев.
А) 1,2,3,4    Б) 4,3,1,2  С) 2,1,3,4  D) 4,1,2,  3Е) 3,1,4,2
18. Қазақ хандығының кеңеюі мен нығаюына әсер еткен хандардың жүргізген саясатын анықтап, сәйкестендіріңіз
1.Керей мен Жәнібек хандар
2.Бұрындық хан
3. Қасым хан
4.Хақназар хан
а)Сырдария бойындағы қалаларда билігін орнатты
б)Ол басқарудың ұлыстық жүйесін жүздік жүйемен алмастырды
с)Қазақ хандарының билігін болашақ Кіші және Ұлы жүз жерлеріне таратты
D)Қазақ хандарының ішінде ең ұзақ билікте отырған хан
е)Мемлекетті нығайту мақсатында заңдар жинағын қабылдады
ж)Жетісудың батысына халқымен орналасып, саяси дербестігін бекітті
А) 1-е, 2-а, 3-ж,с, 4-б,д.
B)1-ж, 2-с, 3-а,е, 4-б,д.
С) 1-е, 2-с, 3-б,д, 4-ж,а.
D) 1-а, 2-ж, 3-б,е, 4-д,с.
Е) 1-д, 2-б, 3-ж,с, 4-а,е.
19.Олар жауласушы тараптар арасында бейбіт келісімдер жасау кезінде елшілер және бітімгерлер рөлін атқарды. Халық жиналыстарында олар ханның немесе сұлтанның сол жағындағы құрметті орынға отырды.
A)ақсақалдар
B) сұлтандар
С) байлар
D) батырлар
Е) ақындар
20. Мемлекеттік стратегиялар мен мақсаттарын сәйкестендіріңіз
1.Қазақстан-2030
2.Қазақстан-2050
3. «Денсаулық жоспары»
а) ұлттық қауіпсіздік
б) дүниежүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру
с) халықтың денсаулығын нығайту
д)қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту
е) дамыған экономика мен жалпыға ортақ еңбек негізіндегі қоғам құру
ж) ішкі саяси тұрақтылық
А) 1-б,ж; 2-а,е; 3-с,д    B) 1-е,ж; 2-а,с; 3-б,д
С) 1-д,ж; 2-б,е; 3-с,а    D) 1-а,ж; 2-б, е; 3-с,д     Е) 1-а,е; 2-д,с; 3-б,ж
21. Бағалы тарихи дереккөз. Ер адам жағынан ата-бабаларының шығу тегі тізбектеліп жасалған генеологиялық тармақтар қалай аталады?
А) хикая
B) жылнама
С) аңыз
D) ауызша тарихи дәстүр
E)шежіре
22.Этностың шығутегіжәнеоныңөткенуақыттағыдамуықалайаталады?
А) этнология
B) этникалық сана-сезім
C)этногенез
D) антропогонез
Е) этноним
23.Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері
А) И.Тайманұлы, Т.Рысқұл
B) С.Сейфуллин, Ә. Жанкелдин
С) Т.Бокин, Ә.Бөкейхан
D) Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсын
Е) А.Иманов, А.Бірімжанов
24.«Қазақтың жайылымды-көшпелі қоғамы» кітабының авторы:
А) С. Толыбеков
В) Д. Кішібеков
С) В.Ф. Шахматов
D) Н. Масанов
Е) С. Зиманов
25. 2004 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұраларының тізіміне енген ескерткіш:
А) Бесшатыр    В) Тамғалы   С) Көлсай   D) Берел   Е) Ботай