ТАРИХ - ТАҒЫЛЫМ

Please to create posts and topics.

Қазақстан тарихы бойынша қиын деңгейдегі сұрақтар

1. Авторлар мен шығармаларын сәйкестендір.

1 Ғ.Мұстафин А «Сырдария»
2 С.Мұқанов В «Қазақ солдаты»
3 М.Иманжанов С «Миллионер»
4 Ғ.Мүсірепов D «Алғашқы айлар»

А)1-A, 2-D, 3-B, 4-C В) 1-C, 2-A, 3-D, 4-B
С) 1-C, 2-D, 3-A, 4-B D) 1-B, 2-C, 3-D, 4-A Е) 1-B, 2-A, 3-B, 4-D

2.Тарихи оқиғаларды басталу уақыты бойынша ретімен қой.
1) Целиноград оқиғасы
2) Теміртау оқиғасы
3) Желтоқсан оқиғасы
4) Жаңаөзен оқиғасы
5) Қарағанды оқиғасы
А) 1,2,3,4,5 В) 2,1,3,4,5 С) 3,2,1,5,4 D) 1,2,5,4,3 Е) 2,5,1,3,4

3. Берілген ұғым сөздерді дұрыс жауабымен сәйкестендір.

 

1

Референдум  

А

Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізге принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат
 

2

 

Декларация

 

В

Жоғарғы сот органы барлық мүшелерінің мәжілісі
 

3

Пленум  

С

Мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу
 

4

Манифест  

D

Халықаралық ұйымдардың немесе жаһандық деңгейдегі беделді қайраткерлердің әлемдік қауымдастыққа жолдаған үндеуі

А)1-A, 2-C, 3-B, 4-D В) 1-C, 2-D, 3-B, 4-A С) 1-C, 2-A, 3-B, 4-D
D) 1-D, 2-C, 3-A, 4-B Е) 1-B, 2-A, 3-D, 4-B

4. Суретте бейнеленген тарихи оқиға болған жылы.


А) 1934 жылы
B) 1944 жылы
C) 1954 жылы
D) 1964 жылы
E) 1974 жылы

5. Қазақ жастары халық намысы тапталған сол күні көп жылдар бойы үстемдік еткен тоталитарлық жүйеге батыл қарсы тұрды. Шеру бейбіт сипатта болды. Алайда,бұл оқиға «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде түсіндіріліп, баға берілген тарихи оқиға.
А) Целиноград оқиғасы
B)Теміртау оқиғасы
C) Желтоқсан оқиғасы
D) Жаңаөзен оқиғасы
E) Қарағанды оқиғасы

6. Хронологиялық реттілікбойынша орналастыр.
1) «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
2) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
3) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы
4) «Болашақ» бағдарламасы
A) 4,1,3,2
B) 1,2,3,4
C) 3,4,1,2
D) 4,1,3,2
E) 3,1,4,2

7. Осы ұйымға кіру «Қазақстанның басқа елдермен қатар елдің тұрақты экономикасын қалыптастыруға, аграрлық және өндіріс секторларын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді». Бұл сөздер қандай ұйымға байланысты айтылды?
A) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
B) Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
C) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
D) Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы Ұйымы
E) Біріккен Ұлттар Ұйымы

8. «Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеруі үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатыр».
Мәтіндегі сипатталған бағдарламаны анықта.
A) «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
B) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
C) «Қазақстан -2050» Стратегиясы
D) «Қазақстан - 2030» Стратегиясы
E) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы

9. Берілген ұғым сөздерді дұрыс жауабымен сәйкестендір.

1.Этнос A) Түр ретінде адамның шығу тегі.
2. Этногенез B) Этникалық үдерістерді зерттейтін ғылым.
3. Этнология C) Ортақ белгілері (шығу тегі, тілі, мәдениеті, шаруашылық қызметінің үлгісі, аумағы, сыртқы түрі, менталитеті мен өзіндік санасы) бойынша біріккен, адамдардың тарихи қалыптасқан, орнықты жиынтығы.
4. Антропогенез D) Этностың шығу тегі, этникалық тарихы.
5. Археология E) Сақталып қалған заттық ескерткіштер бойынша ежелгі халықтардың тұрмысы мен мәдениетін зерттейтін ғылым.

A) 1-C, 2-A, 3-D, 4-B, 5-E B) 1-B, 2-D, 3-E, 4-A, 5-C
C) 1-C, 2-D, 3-B, 4-A, 5-E D) 1-D, 2-C, 3-B, 4-A, 5-E
E) 1-C, 2-D, 3-A, 4-B, 5-E

10.«Олар б.з.б. І мыңжылдықтыңөзінде-ақ ОрталықАзияның отырықшы-егіншілік шұраттарын иеленді және автохондарды ассимиляциялап, хорезмдік, соғдылық, бактриялық этностарды құрды. Б.з. I-III ғғ. юэчжилер Бактрияда Кушан патшалығын құрды… І мыңжылдықтың ортасында түркілермен араласып кетті».
Мәтінде қай тайпалар жөнінде айтылғанын анықта.
A) сақ тайпалары
B) иран тілдес тайпалар
C) ғұндар одағы
D) үйсін тайпалары
E) герман тайпалары

11. Сызбаны қолданып, сұраққа жауап бер.

Сызбадағы үш ұяшықта көрсетілген тарихи үрдіс:
A) Қазақстан Республикасының қалыптасуы
B) Қазақ жүздерінің бөлінуі
C) Қазақ тілінің өзгеруі
D) Қазақ этносының қалыптасуы
E) Қазақ қоғамында әлеуметтік құрылымның басталуы

12. Берілген этникалық құрылымды сипаттамасымен сәйкестендір:

1. Ру A. Қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы
2. Ата-жұрт B. Әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстар тобы
3. Ата-мекен C. Этникалық ұжымның (ру, тайпа, тайпалық одақ, елдің) байырғы ата-бабадан ұрпақтарына мирас болып қалған ежелден өсіп өнген, өрбіген, ел болып қалыптасқан тарихи мекені
4. Тайпа D. Қандас туыстардан тұратын әлеуметтік және этникалық бірлестік. Ол рулар мен аталарға бөлінеді.
5. Жүз E. Ата-бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы деген ұғымды білдіреді.

A) 1-B, 2-E, 3-C, 4-A, 5-D
B) 1-A, 2-C, 3-E, 4-B, 5-D
C) 1-D, 2-A, 3-E, 4-B, 5-C
D) 1-B, 2-E, 3-C, 4-A, 5-D
E) 1-D, 2-C, 3-E, 4-A, 5-B

13. Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықта:
«VIII ғасырдыңс оңындаолар Шумен Талас өзендерінің аралығында тұрақтады .Олар түрікмендердің, әзірбайжандармен түріктердің ата-бабалары болды. Сонымен қатар, үнді еуропалықтармен араласты, алайда өз тілдерін жоғалтпады. Олардың біразы көшпелі өмір салтын сақтаса, бір бөлігі отырықшыға айналып, егіншілікке көшті».
A) Қыпшақтар
B) Қидандар
C) Оғыздар
D) Түргештер
E) Қарлұқтар

14. 1-ші бағана мен 2-ші бағананы сәйкестендір.

1-ші бағана 2-ші бағана
1. Ұлттық дәстүрлер

2. Ұлттық ойындар

3. Ұлттық нышандар

A. Тұсаукесер

B. Тоқымқағар

C. Ту

D. Тоғызқұмалақ

E. Елтаңба

F. Әнұран

G. Көкпар

H. Беташар

I. Айгөлек

A) 1-G,I,H; 2-E A,B; 3-D,E,F
B) 1-A,B,H; 2-E,G,I; 3-D,E,F
C) 1-A,C,H; 2-E,F,I; 3-D,B,F
D) 1-A,B,H; 2-D,G,I; 3-C,E,F
E) 1-H,B,C; 2-E,G,I; 3-D,A,F

15. Берілген ұғым сөздерді дұрыс жауабымен сәйкестендір.

1. Ақсүйек A. Қазақтардағы рудың немесе тайпаның әкімшілік, әскери және  сот билігіне ие болған басшы.
2. Хан B. Шыңғыс хан ұрпағы
3. Сұлтан C. Қазақтардағы артықшылықтарға ие топ, оған Шыңғыс хан ұрпақтары-сұлтандар, дінді таратушылар-қожалар кірді.
4. Би D. Ру-тайпалық жүйемен біріккен көшпелі қазақтар
5. Қара халық E. Қазақтардағы ең жоғарғы билеуші

A) 1-B, 2-A, 3-D, 4-A, 5-C
B) 1-C, 2-E, 3-B, 4-A, 5-D
C) 1-D, 2-E, 3-B, 4-A, 5-C
D) 1-B, 2-E, 3-C, 4-A, 5-D
E) 1-C, 2-E, 3-A, 4-D, 5-D

16. Тарихи оқиғаларды басталу уақыты бойынша ретімен орналастыр.
1.ЮНЕСКО шешімі бойынша Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы қабылданды
2.Ташкентте түркі мемлекеттері президенттерінің
декларациясында Ұлы Жібек жолы басты нысан етіп алынды
3.«Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді
А) 3,2,1
В) 2,1,3
С) 1,2,3
D) 2,3,1
Е) 1,3,2

17. Тарихи оқиғаларды басталу уақыты бойынша ретімен орналастыр.
1. «Қазақ КСР-інің тілдері туралы заң қабылданды
2. Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы ашылды
3. «Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасы» қабылданды
4. ҚР Үкіметі «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы қаулы қабылданды
А) 1,3,4,2
В) 2,1,3,4
С) 1,3,2,4
D) 4,1,2,3
Е) 1,2,3,4

18. Берілген ұғым сөздерді дұрыс жауабымен сәйкестендір.

1. Доктрина A) Бір халықтың екінші халықпен араласып, ұлт ретінде сіңісіп кетуі
2. Интеграция B) Бір мемлекетте тұратын әртүрлі этностардың, этникалық топтар мен диаспоралардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу
3. Ұлттық саясат C) Іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақтылы нұсқаулар жиынтығы
4. Ассимиляция D) Экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету
5. Референдум E) Мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу

A) 1-C, 2-A, 3-D, 4-B, 5-E
B) 1-E, 2-B, 3-D, 4-A, 5-C
C) 1-C, 2-D, 3-B, 4-E, 5-A
D) 1-D, 2-C, 3-A, 4-B, 5-E
E) 1-C, 2-D, 3-B, 4-A, 5-E

19. Көшпелілер тұрмысындағы малдың маңызын дәл сипаттаған мына тұжырымның авторын анықта: «Көшпеліні ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін малының аман болғаны қымбат. Қазақтардың амандасуы «мал-жан аман ба?» деуден басталады».
А) И.Я. Словцов
Б) Ә. Марғұлан
С) Ш. Уәлиханов
D) К. Ақышев
Е) О. Смағұлов

20. «Қазақстанның маңызды стратегиялық құжаты. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде саяси этносаралық қақтығыстар мен қарама-қайшылықтар орын алған тұста Қазақстан ішкі саяси тұрақтылықты сақтап қана қоймай, оны нығайта алды. Оның ішінде ұлтаралық қатынастар саласы да қамтылып, басым маңызға ие болды. Қазақстанның бұл құжатты қабылдауы халқымыздың бірігуі үшін маңызды рөл атқарды. Әлемде осы сияқты қоғам мен биліктің арасындағы келісім көрініс тапқан және ұлттың болашағын белгілейтін мемлекеттік деңгейдегі көптеген құжаттар бар».
Мәтінде қандай құжат туралы айтылғанын анықта.
А) Ұлт бірлігі доктринасы
Б) Қазақстан-2030
С) Қазақстан-2050
D) Рухани жаңғыру
Е) Нұрлы жол

21. Берілген ұғым сөздерді дұрыс жауабымен сәйкестендір.

1. Диаспора A) өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ
2. Ирридента B) қоныстанушылық, бар мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі
3. Репатриант C) тарихи отанына қайтқан қандастар
4. Иммиграция D) өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау
5. Эмиграция E) өзінің тарихи шығу тегінен тысқары елде тұрып жатқан этникалық қауымдастық

A) 1-A, 2-B, 3-C, 4-D, 5-E
A) 1-C, 2-A, 3-E, 4-B, 5-D
B) 1-B, 2-D, 3-E, 4-A, 5-C
C) 1-A, 2-E, 3-D, 4-B, 5-E
D) 1-D, 2-C, 3-B, 4-A, 5-E
E) 1-E, 2-D, 3-C, 4-B, 5-A

22. Осы ұйымға кіру «Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануына, әлемдегі дамыған бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруіне және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауға ықпал етті».
Бұл сөздер қандай ұйымға байланысты айтылды?
А) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
B) Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
С) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
D) Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы Ұйымы
Е) Біріккен Ұлттар Ұйымы

23. Ұлы Далада пайда болған мәдениеттердің ерекшеліктерін топтастыр.
1.Ботай-Терсекмәдениеті
2.Андрон, Көнешұңқыр мәдениеті
а)алғашқы жылқы өсірушілер
б) негізгі тамақтары-сиыр өнімдері
с) негізгі тамақтары-жылқы өнімдері
д) Орналасқан жері: Қазақстан аймағы(орталық)
е) сиыр, ұсақ малдар, жылқы өсірді
ж) тұрақтарынан ат-әбзелдері көптеп табылды
з) дөңгелекті жүк арбалары табылды
и) Орналасқан жері:Солтүстік Қазақстан
А) 1- ж,а,и,с; 2-е,з,б,д
B) 1- е,з,ж,и; 2- а,с,б,д,
С) 1- б,с,з,и; 2-а,д,е,ж
D) 1- а,с,ж,д; 2-б,и,е,з
Е) 1- е,с,ж,и; 2-а,д,б,з

24. Суретте бейнеленген дерек түрін анықта.
 
A) этностың қалыптасуының белгілері
B) саркофаг
C) Орхон-Енисей жазбалары
D) қазақ руларының таңбалары
E) иероглифтер

25. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік қоғамының реттілігін жоғарыдан төмен орналастыр.
1. ақсақалдар мен байлар
2. хан
3. құлдар
4. көшпелілер
5. сұлтандар мен қожалар
A) 2,5,1,4,3
B) 5,2,1,3,4
C) 1,2,5,4,3
D) 2,1,5,4,3
E) 4,2,5,1,3