ТАРИХ - ТАҒЫЛЫМ

Please to create posts and topics.

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

9-шы, 10-шы және 11-ші сыныптарда өткізілетін облыстық олимпиада екі кезеңнен тұрады.

1 кезеңді өткізу уақыты –2,5 сағат (150 мин.).

2 кезеңді өткізу уақыты – 35 мин.

 

Бірінші айналым - 3 сұрақтан тұратын жеке тақырыптан жазбаша жұмыс жазу. Әрбір сұрақты ашып, кең көлемде жауап қайтарылу қажет.

 Олимпиада тапсырмасына енгізілген сұрақтар Қазақстан тарихының әр түрлі тарихи кезеңдеріндегі негізгі мәселелерді қамтиды.

Екінші айналым - тест жұмысы, 20 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына жауап беру қажет.

Бірінші айналымның (тур) бағалау критериі

3 (үш) сұраққа берілген жауаптың әрбір сұрағы 10 (он) ұпаймен бағаланады.

  1. Берілген мәселе бойынша нақты білімі және тақырыпты ашуы - 5 ұпай;
  2. Тарихи деректерді пайдалануы және қосымша әдебиеттерден дәйектер келтіруі – 1 ұпай;
  3. Логикалық ойлауы мен талдауы, жазу стилі мен мәселені сауатты мазмұндауы – 2 ұпай;
  4. Әр жауап соңында сындарлы тұжырымдар мен қорытындылар жасауы – 2 ұпай.

Міндетті талап: Жазба жұмыстарды беру алдында оқушыларға жауаптарды бағалау критерийлері айтылуы қажет.

Бірінші айналым (тур) тапсырмаларының жиынтық ұпайы 30 ұпайды құрайды (3 сұрақ 10 ұпайдан).

NOTA BENE: Облыстық жюри мүшелеріне арналған міндетті талаптар.

Конкурсқа қатысушылардың дәптеріне (І айналымға қатысушының жазба жұмысының соңында) тексерушілер төмендегі кестені салып, ұпайларды қояды.