ТАРИХ - ТАҒЫЛЫМ

Please to create posts and topics.

Құқықтан жеңіл деңгейдегі сұрақтар

1. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?
A) 16 желтоқсан 1991 ж.
B) 30 тамыз 1995 ж.
C) 28 қаңтар 1993 ж.
D) 20 сәуір 1992 ж.
E) 25 қазан 1994 ж.

2. Парламенттің төменгі палатасы қанша депутаттардан тұрады?
A) 7
B) 39
C) 17
D) 107
E) 67

3. Азаматтық құқық қаңдай қатынастарды реттейді?
A) мүліктік және жеке мүліктік емес
B) тәртіптік
C) салықтық
D) экономикалық және қаржылық
E) қылмыстық

4. Құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады
A) құқықтық әдет-ғұрыптар
B) сот прецеденті
C) нормативтік-құқықтық акт
D) нормативтік шарт
E) барлық жауаптар дұрыс

5. Заңдардың түрлері
A) конституциялық, ағымдағы және шоғырландырылған
B) нормативтік және нормативтік емес
C) қарапайым және күрделі
D) конституциялық және ағымдағы
E) дұрыс жауап жоқ

6. Құқықтың идеологиялық функциясының мысалын көрсетіңіз
A) ҚР Азаматтық Кодексі
B) "Қазақстан-2050" Стратегиясы”
C) ҚР Салық кодексі
D) Қазақстан Республикасы Үкіметінің зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты қаулылары
E) ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі

7. Субъектінің құқықтық қабілеттілігі қашан пайда болады?
A) 18 жастан бастап
B) туылған сәттен бастап
C) 16 жастан бастап
D) жұмысқа орналасқан сәттен бастап
E) эмансипация кезінде

8. Заңды тұлғаларға жатпайды
A) жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)
B) жеке кәсіпкер (ЖК)
C) акционерлік қоғам (АҚ)
D) қоғамдық бірлестік (ҚБ)
E) өндірістік кооператив

9. Құқықтық қатынастарының құрылымы
А) субъект және объект
Б) адам, азамат және зат
С) субъект, мүлік
Д) субъект, объект және зат
Е) субъект, объект және мазмұны

10. Мемлекеттік қызметшілер үшін шектеулерге кірмейді:
A) 18 жастан кіші емес
B) мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге кедергі келтіруі мүмкін аурулардың болмауы
C) соттылықтың болмауы
D) құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатудың болмауы
E) барлық жауаптар кіреді