ТАРИХ - ТАҒЫЛЫМ

Please to create posts and topics.

Құқықтан қиын деңгейдегі сұрақтар

1. Құқықтың формалды анықтылығы нені білдіреді?
A) құқықта қоғамның, мемлекеттің, белгілі бір әлеуметтік топтың еркі ескеріледі
B) құқық үнемі белгілі бір ресми заңдар мен өзге де актілер түрінде көрініс табады
C) құқық бір-бірімен өзара байланысты белгілі бір тәртіп нормаларынан, мінез-құлық ережелерінен тұрады
D) құқық – субъектінің заңды және заңсыз, тиісті және ықтимал мінез-құлқының критерийлері
E) құқық қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады

2. Нормативтік-құқықтық шарт дегеніміз
A) заңдар негізінде және олардың орындалуы үшін атқарушы билік органдары қабылдайтын акт
B) құқық нормаларынан тұратын, мемлекеттің күшімен кепілдік берілетін, жалпыға міндетті мәні бар, екі немесе одан да көп тараптардың шешімі
C) соттың нақты іс бойынша қабылдаған шешімі
Д) көп мәрте қайталанып, әдетке айналған жүріс-тұрыс ережесі
E) республикалық референдумда қабылданған немесе уәкілетті орган қабылдаған құқық нормаларынан немесе жеке биліктік-құқықтық нұсқаулардан тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат

3. Субъективті құқықты құрайтын элементтерге кіреді
A) аталған құқық негізінде белгілі бір әлеуметтік игіліктерді пайдалану құқығы
B) жеке іс-әрекет құқығы немесе жүріс-тұрыс құқығы
C) құқыққа міндетті тұлғадан лайықты мінез-құлықты талап ету құқығы
D) қарсы тараптың өз міндеттерін орындамаған жағдайда олардың әрекетіне шағым айту құқығы, яғни талаптану құқығы
E) барлық жауап дұрыс

4. Мемлекеттік қызметкерлер туралы келесі пікірлер дұрыс па?
А. Мемлекеттік қызметшілер қызметте болған кезде іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы тиіс.
Б. Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер қарапайымдылық танытуға, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға міндетті.
В. Мемлекеттік қызметке арнайы білімі бар, лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті жеке және кәсіби қасиеттерге ие, зейнеткерлік жасқа толмаған ҚР азаматтары қабылданады.
A) тек А дұрыс
B) тек В дұрыс
C) тек А және В дұрыс
D) барлық пікірлер дұрыс
E) барлық пікірлер дұрыс емес

5. Базалық құқықтық мәртебе дегеніміз
A) жеке тұлғаның мемлекет азаматы және қоғам мүшесі ретіндегі мәртебесі
B) азаматтардың белгілі бір санаттарының (зейнеткерлер, жұмысшылар, мемлекеттік қызметшілер, оқушылар) жағдайындағы ерекшеліктерді көрсететін мәртебе
C) мемлекет ішіндегі, сондай-ақ, халықаралық қауымдастық тарапынан әзірленген және халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген құқықты, бостандықты, міндеттерді және кепілдіктерді қамтитын мәртебе
D) жекетұлғаның ерекшелігін (жынысы, жасы, отбасы жағдайы, орындайтын жұмысы) тіркейтін мәртебе
E) түрлі төтенше жағдайларда немесе елдің ерекше аймақтарында жұмыс істейтін адамдардың мәртебесі

6. Қылмыс жасаған айыпталушы оның кінәсі заңда қарастырылған тәртіпте дәлелденіп, соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз болып саналады. Бұл сот төрелегінің қандай қағидаты?
A) тараптардың бәсекелестігі мен теңқұқықтылығы қағидаты
B) кінәсіздік презумпциясы
C) жариялылық немесе ашық сот ісін жүргізу қағидаты
D) судьялардың тәуелсіздігі қағидаты
E) заңдылық қағидаты

7. Нотариат функциясына не кіреді?
A) соттарда жеке және заңды тұлғаларға өкілдік етуді және қорғауды жүзеге асырады
B) жауапкершіліктің бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ, олардың салдарын анықтау және жою
C) талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жасау
D) мәмілелерді куәландыру
E) барлық жауаптар дұрыс

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы пікірлер дұрыс па?
A. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құқық қорғау органы болып табылады
Б. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етеді
В. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады
A) тек А дұрыс
B) тек Б дұрыс
C) тек А және В дұрыс
D) барлық пікірлер дұрыс
E) барлық пікірлер дұрыс емес

9. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері қашан пайда болады?
A) неке қию туралы өтініш берген сәттен бастап
B) неке қию күні тағайындалған сәттен бастап
C) некені АХАЖ органдарында мемлекеттік тіркеуден бастап
D) бұқаралық ақпарат құралдарында неке туралы хабарландырудан бастап
E) барлық жауаптар дұрыс емес

10. Қоғамдық бірлестіктердің актілері:
A) әкімшілік құқықтың қайнар көзі бола алмайды
B) әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
C) қоғамдық бірлестіктер қызметінің мәселелері бойынша әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
D) Үкіметтің шешімі бойынша әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
E) олардың қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша болуы мүмкін