ТАРИХ - ТАҒЫЛЫМ

Please to create posts and topics.

7- сынып бойынша 3- токсан аралык тест

7-сынып. 3- тоқсан. Қазақстан тарихы аралық тест. 1- нұсқа
1.1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар қай ғасыр орталарына қарай бірте-бірте жарамсыз бола бастады?
А)ХІХ ғасырдың 60-жылдарына қарай
В)ХVІІІ ғасырдың 70-жылдарына қарай
С)ХІХ ғасырдың 50-жылдарына қарай
Д)ХІХ ғасырдың 80-жылдарына қарай
2.”Дала комиссиясы” қандай мақсатта құрылды:
А)мәдениет саласын дамыту үшін
В)өлкенің ерекшелігін зерттеу үшін
С)өнеркәсіпті дамыту үшін
Д)салық жинау үшін
3.Дала комиссиясының құрамына кімдер кірді?
А)хандар В)сұлтандар С)ақсүйектер
Д)ресейлік шенеуніктер мен офицерлер
4.ІІ Александр “Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге” қол қойылған жыл:
А)1868 жылы 11 шілдеде В)1870 жылы 11 шілдеде
С)1867 жылы 11 шілдеде Д)1910 жылы 11 шілдеде
5. 1868 жж. Реформа бойынша бекітілген ереже:
А)Ресей империясының басқару жүйесі туралы
В)Салықты көбейту туралы
С)Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы
Д)Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы
6. Қазақстанға қоныс аудару үшін алдымен жіберілген халыктар:
А) Ходоктар
В) Байырғы халық
С) Ұйғырлар
Д)Дүнгендер
7. Ресейден Қазақстанға қоныс аударту жөніндегі алғаш бастама көтеруші:
А) Пішенбаев
В) Ботов
С) Колпаковский
Д)Тәжіұлы
8. Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер жасалған жыл:
А) 1865
В) 1867
С) 1868
9. Қоныс аударып келген шаруалар қорынан Ақмола уезiнде бүкiл жердiң тартып алынған үлесі:
А)73%
В) 54%
С) 69%
Д)74%
10. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша қоныс аударылған ұлттар:
А) орыстар мен украиндар
В) моңғолдар мен қытайлар
С) дүнгендер мен ұйғырлар
Д)белорустар мен түріктер
11.Қытай мен Ресей арасында болған келісімшарт жасалған мерзім:
А) 1818
В) 1881
С) 1886
Д)1884
12.1897 жылғы ұйғырлар саны:
А) 17 мың
В) 14 мың
С) 45 мың
Д) 56 мың
15. Қоныс аударушылар негізінен орналасқан жері:
А) Қостанай уезі
В) Жаркент пен Верный уезі
С) Омбы уезі
Д) Ақмола уезі
16.Қазақстан жеріндегі таскөмір кеніне бай мекен:
А)Орталық Қазақстан
В)Солтүстік Қазақстан
С)Шығыс Қазақстан
Д)Оңтүстік Қазақстан
17. Қарағанды көмiрiн алғашқылардың бiрi болып Аппақ Байжанов ашқан жыл:
А)1837 ж
В)1843ж
С)1833ж
Д)1834ж
18. Орынбор–Ташкент темiржолын салуға қатысқан қазақ саны:
А)40 мың
В)10 мың
С)35 мың
Д)20 мыңға жуық
19.Қазақ жұмысшыларының алтын өндiрiлетiн кен орындарында жұмыс күнiнiң ұзақтығы:
А)10-12 сағат
В)14 сағат
С)8-9 сағат
Д)4 сағат
20. ХIХ ғасырдың 40-жылдарында қазақтардан Қарағанды көмiр кен орындарын, Успенск мыс кенiштерiн, Жезқазған және Спасск-Воскресенск мыс кенiштерi аймағын өте арзан бағаға сатып алған көпестер:
А) Н. Ушаков, А. Рязанов
В) А.И. Деровқа
С) А.Байжанов

 

 

7-сынып. 3- тоқсан. Қазақстан тарихы аралық тест. 2- нұсқа
1. 1867-1868 жж. Реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына кірген облыстар:
А)Орал,Семей
В)Орал,Торғай
С)Жетісу,Сырдария
Д)Ақмола,Семей
2.Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар қаншадан төледі?
А)3 сом
В)2 сом 75 тиын
С) 3 сом 50 тиын
Д) 1 сом
3.Уездік дәрігерге қандай міндет жүктеледі?
А)шешекке қарсы егу шараларын жасау
В)екпелерді рұқсатпен егуге
C)екпені әрбір ересекке салуға
Д)Әр екпенің құрамын тексеруге
4.Болыстар мен старшындар қанша мерзімге сайланды?
А)7 жыл
В)8 жыл
С)4 жыл
Д)3 жыл
5.Қазақстанның бүкіл аумағына біртұтас қандай салық енгізілді?
А)желі салығы В)түтін салығы С)Жеке бас салығы Д)жер салық
6. Батыс Сібір басқармасы Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуға рұқсат берілген жыл:
А) 1867
В) 1866
С) 1665
Д)1659
7. Сiбiрдiң әртүрлi қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есiл округтерiндегi шаруалар орналасты:
А) Есіл
В) Қорған
С) Тобыл
Д) Көкшетау округiнiң аумағындағы Саумалкөл деген жерге
8. Қоныс аударып келген шаруалар қорынан Омбы уезiнде бүкiл жердiң тартып алынған үлесі:
А) 55%
В) 59%
С) 45%
Д)52%
9. Қоныс аударып келген шаруалар қорынан Қостанай уезiнде бүкiл жердiң тартып алынған үлесі:
А) 48%
В)65%
С) 73%
Д)54%
10. ХІХ ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға қоныс аударылғандар:
А) әскери топтар мен казактар
В) Ресей шаруалары
С) ходоктар
Д) автохтонды халықтар
11. Басыбайлы езгі жойылған мерзім:
А) 1866
В) 1868
С) 1861
Д) 1865
12. Транссібір теміржолының құрылысы басталған жыл:
А) 1891
В) 1892
С) 1894
Д)1889
13. 1892 жылы Транссiбiр темiржол Қазақстанның солтүстiк өңiрiн басып өттi. Яғни қазақтардың иелiгiндегi жердiң қосымша тартып алуға жеткiздi:
А)2,4млн
В) 4,5млн
С)4,2млн
Д)4,3млн
14. Қытай мен Ресей арасында жасалған келісім шарт:
А) Челябі
В) Омбы
С) Орынбор
Д)Санкт-Петербург
15. 1897 жылғы дүнгендер саны:
А) 12мың
В) 27мың
С) 14мың
Д)52мың
16. Ертiс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет ашқан адам:
А)Аппақ Байжанов
В)Қосым Пішенбаев
С)А.И. Деров
Д)М. Красовский
17. Қ. Пішенбаев Павлодардағы миллионер-көпес А.И. Деровқа жалданып жұмыс істегендер:
А)Көпес
В)Кен көздерін іздеуші, маркшейдер
С)Кәсіпкер
18.Ташкенттен шыққан түйе керуені Орынборға қанша кунде келетін?
А)80 кунде
В)14 кунде
С)100 кунде
Д)50 кунде
19.XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына не салына бастады?
А)Фабрикалар
В)Кен орындары
С)Теміржол магистральдары
Д)Кәсіпорындар
20. Шарулардың орташа жалақысы күнiне құрады:
А)100-120 тиын
В) 20 сом
С) 60 тиын
Д) 30–40 тиыннан ғана